Жаңалықтар

Түркістан облысында дауылдан мектеп пен колледждің шатыры ұшып кетті

Түркістан облысында дауылдан мектеп пен колледждің шатыры ұшып кетті
Фото: Видеодан кадр 04.05.2023 16:22 953

Кентауда қатты желден мектеп пен колледж шатыры ұшып кетті. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өңірде желдің ұйытқуы орташа деңгейде секундтына 26 метр, ал таулы аумақтарда 30 метрге дейін жеткен. Қатты желден Кентау қаласындағы политехникалық колледждің 700 шаршы метр шатыры ұшып кеткен. Соның салдарынан көршілес тұрғын үйлердің қоршаулары мен шатыры зақымданған.

Сондай-ақ, Кентаудағы «Қазақтелеком» ғимаратының 450 шаршы метр шатыры да түгелдей ұшып түскен. Бұдан бөлек жөндеу жұмыстары жүргізілгеніне көп болмаған Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп ғимаратының шатыры да жерге құлаған.

Өңірдегі 4 ауданда 14612 абонент жарықсыз қалған болатын. Қазір 3000-ға жуық абонентке жарық берілді. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Алдағы 4, 5, 6 мамырда да желдің қарқыны сақталады. Сондықтан аса бір қажеттілік болмаса, сыртқа шықпауларыңызды сұраймыз, - деді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға