Түркістан облысында дәрігерді пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
12.10.2023 17:00
998
Сайрам ауданының Ақсукент кентіндегі жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция ауданның 27 жастағы күдікті тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Келесі жаңалық
Ерке Есмаханның қызды болғаны рас па