Жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл тұрғынының бастамасымен екі отбасы баспаналы болды

Түркістан облысында ауыл тұрғынының бастамасымен екі отбасы баспаналы болды
Фото: Сауран ауданы әкімдігі 26.07.2024 07:38 773

Түркістан облысы Сауран ауданында қайырымды жандардың арқасында 2 отбасы баспаналы болды. Шорнақ ауылының тұрғыны Алмат Нұрымбетовтың бастамасын жерлестері қолдаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белсенді азаматтың ұсынысымен ауыл жастары, жергілікті депутаттар мен кәсіпкерлер бірлесіп, тұрмысы төмен 2 отбасыға баспана салып берді. 

Қоныс иелеріне баспана кілтін табыстау шарасына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, ауданның бас имамы Бауыржан Акауов пен ауданның қариялары, белсенді азаматтары қатысты.

Аудан басшысы игілікті істің басы-қасында жүріп, екі отбасыны қуанышқа кенелткен қайырымды жандарға Алғыс хат табыс етті.

Қоныс тойын тойлаған ауыл тұрғындары Абай Сапарбаев пен Боходир Досметовке жерлестеріне өз алғыстарын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға