Жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл тұрғындары мұқтаж отбасына баспана салып берді

Түркістан облысында ауыл тұрғындары мұқтаж отбасына баспана салып берді
Фото: Сауран ауданы әкімдігі 09.10.2024 08:45 435

Түркістан облысы Сауран ауданындағы Құмтүйін ауылының тұрғындары мұқтаж отбасыға баспана салып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

1987 жылы туған азаматтардың бастамасымен үй тұрғызылған. Баспана ауылдағы мүгедектігі бар Бектұрғановтар отбасына берілді. 

Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары мен жеке кәсіпкерлер бірлесіп ұйымдастырған. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Сәбит Рысбеков, Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев, ауыл ақсақалы Ырысбай Айтуғанов мен тұрғындар қатысты.

Игілікті шарада аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, ауылдың ақсақалы Ырысбай Айтуғанов сөз сөйлеп, сауапты іске ұйытқы болған барша жандарға алғыстарын білдірді. Сонымен қатар аудан басшысы мұқтаж жандарға баспана салып, тарту еткен азаматтарға Алғыс хат табыстады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға