Жаңалықтар

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінің басшылары мен 8 бухгалтер сотталды

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінің басшылары мен 8 бухгалтер сотталды
Фото: Pixabay.com 15.04.2025 13:10 286

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысында жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Сарыағаш аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшылары Б. Майриховқа, Н. Усипбековке, Д. Акатовқа және 8 бухгалтерге қатысты үкім шығарды.

Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы ретінде аудару арқылы 550 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Акатов пен Майрихов 7 жылға, Усипбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген мәліметте.

Сол үкіммен бухгалтерлер бас бостандығынан айыру, шартты түрде бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазаларға сотталды.

Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды, сондай-ақ қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға