Жаңалықтар

Түркістан облысында 60-тан астам ауыл ішімдік сатудан бас тартты

Түркістан облысында 60-тан астам ауыл ішімдік сатудан бас тартты
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі 29.03.2025 05:37 706

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов облыс тұрғындарына онлайн режимде есеп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс бойынша 61 ауыл (Дермене, Табысты, Жаңажол, Нұртас, Мәдениет және т.б.) ішімдік сатудан бас тартты. Бұл арақсыз ауылдар құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Аталмыш ауылдарда соңғы бірер жылда қылмыс тіркелмеген, тәртіп пен тыныштық орнаған. Осындай берекелі ауылдар өзгелерге үлгі болуы тиіс, - деп атап өтті М.Қабденов өз баяндамасында. 

Сондай-ақ “Заң мен Тәртіп” қағидаты бойынша өңірде атқарылып жатқан профилактикалық іс-шаралар мен ҚР ІІМ Е.Сәденовтің 2025 жылды «Профилактика жылы» деп белгілеуіне байланысты өткізіліп жатқан іс-шараларды тілге тиек етті. Қылмыс деңгейі азайғанын жеткізді.

Мәселен Түркістан облысында 2024 жылы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық саны 3,2 пайызға төмендеген. Ұрлық – 38,7%-ға, мал ұрлығы – 43,7%-ға азайған. Пәтер ұрлығын жасаған 8, алаяқтық қылмыстарын жасаған 23, мал ұрлаумен айналысқан 16 қылмыстық топ ұсталған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға