Жаңалықтар

Түркістан облысында 6 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш алынды

Түркістан облысында 6 жасар қыздың асқазанынан бір келі шаш алынды
Фото: ©El.kz 29.01.2025 22:14 272

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6 жасар қызға күрделі ота жасап, асқазанынан ұйысып қалған бір уыс шаш алып шықты. Салмағы 1 келіге жуық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анасының айтуынша, баланың ауырғанына 1 ай болған. Ол асқазан аймағы ауырсынып, әлсіздік, тәбеттің болмауы, салмағының төмендеуі сияқты шағым айтқан.

Жалпы, мұндай жағдай бала қараусыз қалғанынан болады. Кішкентай балалар түрлі затты аузына салып, ішке зиянды заттар жиналады, - деді облыстық балалар ауруханасының балалар хирургі Мұқағали Темірбеков.

Сондай-ақ ол ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға