Жаңалықтар

Түркістан облысында 580 мың тоннадан астам бау-бақша өнімі жиналды

Түркістан облысында 580 мың тоннадан астам бау-бақша өнімі жиналды
Фото: Ашық дереккөзден 08.07.2023 13:27 1231

Биыл Түркістан облысында 71,3 мың гектар алқап егілді. Бүгінгі таңда өңірде 176 мың тонна қарбыз бен 405 мың тонна қауын жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайын облыста жиналатын бақша өнімінің көлемі қазақстандық нарықтың қажеттілігінен 3,5 есе артық болып отыр. Сондықтан артық өнім шетелге экспортталмақ. Ресей, Беларусь және Латвия қазақстандық қарбыз бен қауынның негізгі тұтынушылары ретінде белгілі. Айта кетейік, Түркістан облысында қауын мақтадан кейінгі экспортқа бағдарланған екінші тауар болып табылады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Мақтаарал ауданының бақша алқаптарында фермерлер жиналған өнімге сұраныстың төмен болуына байланысты тонналаған қауынды лақтырып жатыр. Алайда, кадрлар Нұрлыжол ауылында түсірілгені анықталды. Ал бейнежазбадағы өнімдер келесі жылы тұқым алу үшін қалдырылған қауынның қалдықтары.  Қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, биыл саланы қолдауға 6,5 млрд теңге бөлінді, қаражат минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталған. Тағы 375 млн теңге пестицидтер мен биогенттерді сатып алу шығындарын өтеуге жұмсалды. Тұқым шаруашылығын қолдауға 600 млн теңге қарастырылып отыр.

Сонымен қатар, былтырғы жылдың желтоқсан айында биылғы егісті қаржыландыру басталды. Түркістан облысының фермерлері Аграрлық несие корпорациясы арқылы 11,4 млрд теңгеге жеңілдікті несие алған. Сондай-ақ, өңір шаруаларына 48,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға