Жаңалықтар

Түркістан облысында 451 шаруа қожалығына көмек көрсетілді

Түркістан облысында 451 шаруа қожалығына көмек көрсетілді
Фото: ©El.kz 14.03.2024 23:13 711

Түркістан облысының прокуратурасы қолдау шараларымен 451 шаруа қожалығына құқықтық көмек көрсетіп, мақта өндеу зауыттарынан 916 млн теңге құрайтын қарыз берешегін өндіріп берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 ақпанда облыс прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы орган, шаруа қожалықтары және зауыт өкілдерінің қатысуымен мекемеаралық жиналыс өткізіліп, оның қорытындысы бойынша шаруаларға талап арыз дайындау, сотқа беру, ескерту хаттарын жолдауға құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ тараптар арасында келісу рәсімдерін өткізу тапсырылды.

Белгіленген жұмыс аясында сотқа 25 талап арыз беруге және Зауыттарға 23 ескерту хаттарын жолдауға құқықтық көмек көрсетілді. Жергілікті деңгейде сот жүйесі өкілдері және медиаторлардың қатысуымен келісу рәсімдері өткізілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 451 шаруа қожалығының алдындағы 916 млн теңге құрайтын қарыз берешегі өндіріп берілді.

Сондай-ақ, облыс прокуратурасының үйлестіруімен үлгілік сатып алу-сату шарттары әзірленіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу кезінде шарт жасасу және сотқа жүгіну қажеттілігі туралы құқықтық насихат жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Түркістан облысы прокуратурасының жүйелі бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға