Жаңалықтар

Түркістан облысында 31 мың гектар жер мемлекет балансына өтті

Түркістан облысында  31 мың гектар жер мемлекет балансына өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 02.08.2024 06:29 1051

Түркістан облысында 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында 31 мың гектар жер телімді мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спикердің мәліметінше, жалпы облыстағы барлық жер қоры 11 млн 610 мың гектарды құрайды. Оның басым бөлігі,  яғни 4 млн 469,5 мың гектар аумақ - ауыл шаруашылығы жерлерінің үлесіне тиесілі.

Сонымен қатар, облыс әкімінің өкімі негізінде құрылған ведомстволық топ өңірдегі ауыл шаруашылығына пайдалануға арналған жерлерді және заңсыз иеленген аумақтардың барлығын мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Атап айтар болсақ, 2024 жылы 60 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Алғашқы жартыжылдық есеп бойынша қазіргі таңда 31 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткізілді. Сондай-ақ өңірде мал басының артуына байланысты жайылым көлемін 304 мың гектарға арттыру көзделіп отыр, -деді басқарма басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға