Түркістан облысында 200 отбасыға азық-түлік таратылды

Фото: Қазығұрт ауданы әкімдігі
Фото: Қазығұрт ауданы әкімдігі
16.03.2025 02:20
529
“Наурызнама” онкүндігінің жоспарына сәйкес, игі істер марафоны аясында Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 200 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі күн жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге және қайырымды істер жасауға арналған. Ізгілік пен мейірім - қоғамның басты құндылығы.
Айта кетсек, Қазығұрт ауданында жыл сайын көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен басқа да қажетті заттар табысталып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда Олимпиада жүлдегерлері экомарафонға қатысты
Келесі жаңалық
Шаңырақ күні: әскери қызметшілер ынтымақ күнімен құттықтады