Жаңалықтар

Түркістан облысында 2 адам ботулизмге шалдықты

Түркістан облысында 2 адам ботулизмге шалдықты
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 07.01.2024 00:20 867

Түркістан облысында екі адам ботулизмге шалдықты. Мамандардың айтуынша, екеуі де үй жағдайында дайындалған консервіленген қияр тұтынған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Науқасқа шалдыққандар Созақ және Ордабасы аудандарының 34 және 39 жастағы тұрғындары. Екі азаматта да мазасыздану, құсу, бас айналу, жұтына алмау сынды ботулизмге тән клиникалық көріністер байқалған.

Созақ ауданының 34 жастағы тұрғыны ауыр халде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, Ордабасы ауданының 39 жастағы тұрғыны аудандық ауруханада ем алуда. Жағдайы бірқалыпты.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, СЭС мамандары емдеу мекемелері тарапынан түскен жедел хабарлама негізінде ауру ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларын жүргізіп, науқастармен байланыста болған азаматтарды тіркеуге алды. Тамақтан уланудың, ботулизмнің алдын алу мақсатында санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда  оқиға бойынша зерделеу жұмыстары жалғасуда.

2023 жылы өңірде 4 адам ботулизммен ауырған болатын.

Облыстың санитарлық дәрігерлері тұрғындарды консервіленген салаттар мен тұздықтарды тұтынарда дүкендерден сатып алатын тағамдардың жасалу технологиясы мен дайындалған мерзімдеріне аса мән беруге шақырады!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға