Жаңалықтар

Түркістан облысында 2 адам ботулизмге шалдықты

Түркістан облысында 2 адам ботулизмге шалдықты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 04.01.2024 20:05 839

Түркістан облысында соңғы аптада 2 адам ботулизмге шалдықты. Олар Ордабасы мен Созақ аудандарының тұрғындары, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, ботулизмге шалдыққандар үй жағдайында дайындалған консервіленген қияр тұтынған. Соның салдарынан екі тұрғында да мазасыздану, құсу, бас айналу, жұтына алмау сынды ботулизмге тән клиникалық көріністер байқалған.

Оқи отырыңыз: 

Созақ ауданының 34 жастағы тұрғыны ауыр халде аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, Ордабасы ауданының 39 жастағы тұрғыны аудандық ауруханада ем алуда. Жағдайы бірқалыпты.

Аталған жайт бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері емдеу мекемелері тарапынан түскен жедел хабарлама негізінде ауру ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді. Науқастармен байланыста болған азаматтарды тіркеуге алды. Тамақтан уланудың, ботулизмнің алдын алу мақсатында санитариялық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда адам денсаулығына зиян келтірген оқиға бойынша зерделеу жұмыстары жалғасуда деп хабарлады облыстық СЭБД.

Айтып кетсек, 2023 жылы өңірде 4 адам ботулизммен ауырған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға