Жаңалықтар

Түркістан облысында 1,5 мыңға жуық тұтынушының құқығы қорғалды

Түркістан облысында 1,5 мыңға жуық тұтынушының құқығы қорғалды
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі 06.02.2025 08:41 126

Түркістан облысында 1,5 мыңға жуық тұтынушының қорғалды. Бұл туралы облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқар Әшімханов өңірде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Былтыр аталған ведомствоға жалпы саны 1 624 өтініш келіп түскен. Оның 1 495-і қаңағаттандырылса, қалғаны өзге мемлекеттік органдарға қайта жолданған. 

2024 жылы Түркістан облысының тұтынушыларына 107 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Мәселен, бір тұтынушы 13 миллион теңгеге сатып алынған сапасыз пәтер үшін қаржысын қайтарып алды. Ал бір азамат 6 миллион теңге тұратын сапасыз қызмет үшін өтемақы алды. Өтініштерді талдау нәтижесінде 2024 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 497 әкімшілік іс-қозғалған. Түркістан облысында сауда алаңдарын, жұмыс орындарын және тауар айналымын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары өз жалғасын тауып келеді. Атап айтар болсақ, 2024 жылдың 12 айында облысқа сауда саласына 101,4 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды,-деді Асқар Әшімханов.

Бұдан өзге брифингте  спикер халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасының төмендегенін жеткізді. Атап айтқанда, күнбағыс майы - 11,5 пайызға, сиыр еті - 2,6 пайызға, сүт - 2,5 пайызға, сәбіз - 10,6 пайызға, қырыққабат - 17,1 пайызға, құмшекер - 6,4 пайызға, қарақұмық - 30 пайызға, ал күріш бағасы 3,8 пайызға арзандаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға