Жаңалықтар

Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті

Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 21.08.2023 23:27 1724

Түркістан облысында Сырдария өзеніне түскен 11 адам суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Отырар ауданының Сырдария өзенінде, автокөлік көпірінің маңында болған. Олар суға түсуге арналмаған жерде шомылған.

Төтенше жағдайлар департаменті судан 8 мәйітті шығарды (тұлғасы мен жасы анықталуда), үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс істеп тұр: 8-7253-357881.

Оқиға орнына 144 адам, 16 техника, 6 жүзу құралы және дрон жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿🚒 ТО, ТЖД, (@turkistan_tjd)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға