Жаңалықтар

Түркістан облысыда интимдік қызмет көрсеткен 5 әйел ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысыда интимдік қызмет көрсеткен 5 әйел ұсталды
Фото: polisia.kz 18.03.2023 21:30 1745

Түркістан облысы ПД-нің ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері ғаламтор желісіндегі Kyzdar.net сайтында интимдік сипаттағы қызметтерді ұсынатын жарнама парақшасын құрғандарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.  

Күдіктелер, Шымкент қаласының тұрғындары ұзақ уақыт бойы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға жалдап, жеке ақпараттары мен интимдік қызмет үшін белгіленген бағаларын сайтқа шығарып отырған. 

Түркістан мен Кентау қалаларында пәтер жалға алып, оларды «массаж салоны» ретінде жасырып, интим-қызметтер көрсету үшін притон ұйымдастырған. Күдікті әйелдер өз қызметтері үшін жеңіл жүрісті қыздардан заңсыз ақшалай табыстың 50% алып отырған. 

Күдіктілер ұсталды. Олардан ақша, дәптерлер, ұялы телефондар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полицияға Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жеңіл жүріс-жүрісті 5 қызы жеткізілді. 

ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға