Жаңалықтар

Түркі инвестициялық қоры құрылатын болды

Түркі инвестициялық қоры құрылатын болды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 05.10.2023 11:28 730

Сенат «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қор құру туралы келісімге 2023 жылғы 16 наурызда ТМҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының төтенше саммиті шеңберінде қол қойылды.

ТМҰ-ға 5 мүше мемлекет: Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Қырғыз Республикасы қор құрылтайшылары болып табылады. Қор құрылымы президенттен, Басқарушылар кеңесінен, Директорлар кеңесінен, бас директордан және қызметкерлерден тұрады. Қордың әрбір мүшесінің дауыс беру құқығы тең. Қордың штаб-пәтері Ыстамбұл қаласында орналасқан.

Қордың жарғылық капиталы жалпы номиналды құны 350 млн АҚШ долларын құрайтын төленген акцияларға, сондай-ақ номиналды құны 150 млн АҚШ долларын құрайтын тартылатын акцияларға бөлінеді. Қорға әрбір мүше мемлекетке 70 млн АҚШ долларын құрайтын төленген акциядан келеді.

Түркі инвестициялық қорын құру Қазақстан үшін мынадай мүмкіндіктер береді: біріншіден, көліктік-логистикалық әлеуетті іске асыру мақсатында, қолайлы географиялық орналасқан жерді пайдалана отырып, Түркі мемлекеттері ұйымындағы әріптестермен одан әрі экономикалық интеграцияны нығайтуы. Екіншіден, үздік экономикалармен бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде құзыреттермен, сонымен қатар инновациялар және технологиялармен алмасуы. 2022 жылғы Жаһандық инновациялық индекстің деректеріне сәйкес, Түркия қордың басқа құрылтайшыларынан озып, инновацияларды дамыту деңгейі бойынша елдер рейтингінде 37-орынға ие. Өзбекстан – 82 орында, Қазақстан – 83 орында, Әзербайжан – 93-орында, Қырғызстан – 94-орында, - деді Сенат депутаты Әлібек Нәутиев.

Үшіншіден, отандық шағын және орта кәсіпорындарының қордың қаржы ресурстарына қол жеткізуі. Төртінші кезекте, инвестициялық жобаларды дайындау үшін қор тарапынан отандық кәсіпорындардың қолдау алу мүмкіндігі. Болашақта бұл құзыреттер өзге де халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс істеу кезінде пайдаланылуы мүмкін екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға