Жаңалықтар

Түркі әлемінің астанасы: Ақтауда биыл қандай мәдени жобалар жүзеге асады

Түркі әлемінің астанасы: Ақтауда биыл қандай мәдени жобалар жүзеге асады
Фото: El.kz 25.02.2025 02:30 115

2025 жылы Ақтау қаласы Түркі әлемінің астанасы болып белгіленді. «Ақтау – 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы» шарасы аясында облыста 30-дан астам халықаралық, республикалық деңгейдегі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Осыған байланысты El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі арнайы құрылған штаб жұмысымен танысып, іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызу дайындықтың қалай жүріп жатқанымен танысты.  

«Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» іс-шарасы аясында 2025 жылдың сәуір айынан бастап Ақтау қаласында аталған шараның салтанатты ашылуы және түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түркітілдес мемлекеттер өнерпаздарының қатысуымен театр, опера, би, дәстүрлі өнер және басқа да көптеген байқаулар мен фестивальдер, ақындар айтысы, түркі әлемі суретшілерінің симпозиумы, қолөнер шеберлерінің фестивалі, тарихи-ғылыми конференциялар, ақын-жазушылармен кездесулер, түркі әлемінің ұлы ғұламаларының өмірі мен еңбектеріне арналған жиындар өткізіліп, өзге де мағыналы, тағылымды шаралар ұйымдастырылатын болады.

Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының 2024 жылы атқарылған жұмыстары және 2025 жылға жоспарлары туралы дерек белгілі болды. Өнірдің мәдениет, өнер, тіл және архив жүйесінде 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 134 мемлекеттік ұйым бар. Олар: 2 театр, 1 концерттік ұйым, 1 облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы, 44 клуб мекемесі, 69 кітапхана, 8 музей, 1 тарихи-мәдени қорық, 8 архив мекемесі. Мәдениет ұйымдарында штат бойынша 2447 адам қызмет етеді. Оның 1358 ауылдық жерлерде.

Материалдық техникалық базаны нығайту

Басқармаға қарасты мәдениет ошақтарының материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында жеңіл автокөлік, ЛЭД экран алынды, дрон, проектор, фотоаппарат, жарық генераторлары, кеңсе компьютерлері, принтерлер, жихаздар, әртістерге костьюмдер т.б. заттар алынды. Қала, аудандардағы мәдениет ұйымдарына музыкалық аппаратура, LED экран кеңсе жиһаздары, кондиционер, костьюмдер, компьютерлік жабдықтар алынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мәдениет саласында 4 мемлекеттік қызмет түрі бар. 2024 жылы барлығы 5251 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Электронды форматқа көшірілген архив деректерінің санын арттыруды қамтамасыз ету

2024 жылдың қорытындысы бойынша архивтерде 419 062 сақтау бірлігіндегі құжаттың 6,8% (28563 с.б.) электрондық форматқа көшірілді.

Кітапхана қорындағы өлкетану әдебиетін цифрлы форматқа ауыстыру бойынша 2078 атаулы өлкетану әдебиетінің 520-ы (2024ж.-36) сандық форматқа ауыстырылып, мемлекеттік кітапханалық қордың бірегей ұлттық электрондық каталогын және бірегей электронды қоймасын құруға арналған ҚазҰЭК (КазНЭБ) жүйесіне енгізілді.

Тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыстар

Облыстағы мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты квазимемлекеттік ұйымдардағы құжат айналымына жүргізілген мониторинг қорытындысы негізінде, мемлекеттік тіл үлесі 2024 жыл бойынша – 98% құрады.

Көрнекі ақпараттарға мониторинг жұмыстары, деректемелер, сыртқы жарнама саласында Заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік шаралар жүргізіліп, 687 нысан иелері мен жарнама беруші кәсіпкерлерге сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмектер берілді және ескерту хаттар табысталды.

Арыз-шағымдарға сәйкес 14 кәсіпкерлік нысандарына тексеру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлік субьектілеріне заңнамаға қайшы ресімделген 375 көрнекі ақпаратты заңнама талаптарына сәйкестендіру, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, нәтижесінде 367 көрнекі ақпарат заң талаптарына сәйкестендірілді.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша облыстағы 4-17 жастағы балаларды шығармашылық тегін үйірмелермен қамту мақсатында 12801 бала 256 шығармашылық үйірмемен қамтылды. Анықтама үшін: 2025 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша жұмыстарды жалғастыру мақсатында 15 000 баланы қамту жоспарланды.

Мәдениет үйлеріндегі клубтық құрылымдар

Маңғыстау облысындағы клуб мекемелерінде әр түрлі бағытта 495 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 11 197 – құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 30 құрылымға артып отыр. Оның ішінде балаларға арналған құрылымдар 322 құрылым оған қатысушылар 7496. Халықтық/үлгілі атағы бар ұжымдар 146 қатысушы саны 3768. 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттық тапсырыс аясында 4 жоба іске асырылды.

Тарихи-мәдени мұра

Қарақия ауданы, Қызылсай ауылынан 23 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан «Алтынәлі некрополі» тарих және мәдениет ескерткішіне «Нұр-Ақтау» ЖШС ғылыми-реставрация жұмыстарды жүргізді.

73 тарихи-мәдени мұра объектілеріне (алдын ала есепке алу тізіміндегі объектілерге жергілікті маңызы бар ескерткіш мәртебесін беру мақсатында) тарихи-сараптама жұмыстарын жүргізді.

24 тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын бекіту туралы облыс әкімдігінің 24.09.2024 жылғы №195 қаулысымен бекітілді.

Түпқараған ауданына қарасты Қосым некрополі (4 нысан), Маңғыстау ауданында орналасқан Толыбай некрополі (4 нысан), Олжақыз күмбезтамы, Қожакүмбет күмбезтамы, Тілеміс некрополі ескерткіштеріне ғылыми жобалау құжаттамасын (ЖСҚ) дайындау жұмысы жасалды.

Сонымен бірге Жоғарғы және Төменгі маяктарына ескерткіштердің реставрация жасау үшін жобалық-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) түзетулер еңгізілді.

Мәдениет нысандарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізу

Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылында кітапханасымен 200 орындық ауылдық мәдениет үйінің құрылысы 2024 жылдың қазан айында аяқталып, акт жасалды. 17 адам тұрақты жұмысқа қабылданды.

Мұнайлы ауданы Дәулет ауылында кітапханасымен 200 орындық ауылдық мәдениет үйінің құрылысы аяқталды, ашылу салтанаты 2025 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.

Ақтау қаласының 11 шағын аудандағы Қалалық орталық кітапханасының №2 кітапхана филиалына кеңейту қайта құру жұмыстары жүргізілді. 3 штат бірлігі бөлінді.

2024 жылы ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу үшін 15 мәдениет нысанына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданы Батыр және Атамекен ауылдарында кітапханасы бар 200 орындық мәдениет үйінің, Бейнеу ауданындағы аудандық кітапхананың құрылысы бойынша жұмыстар басталды, Жаңаөзен қаласы Рахат ауылында мәдениет үйінің құрылысына ЖСҚ әзірленді және Шетпе ауылындағы 600 орындық аудандық мәдениет үйі, сондай-ақ Баутино ауылындағы 200 орындық мәдениет үйінің, Шетпе ауылындағы С. Қондыбай атындағы мемориалдық мұражайдың жапсарлас құрылысы («Әлемді бейнелейтін миф» алаңының құрылысына), Мұнайлы ауданының музейі мен архиві ЖСҚ әзірленуде.

Сондай-ақ, 2025-2026 жылдары Жаңаөзен қаласында 300 орындық драма театрының ЖСҚ әзірленуде, сараптамалық қорытынды алу - 2025 жылдың наурызы деп жоспарланып отыр. Архив құрылыс ретінде Бейнеу аудандық филиалы құрылысына 0,3 гектар жер учаскесін тұрақты жер пайдалануға беріліп, ЖСҚ жасалуда.

Маңғыстау аудандық филиалы құрылысына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

Мұнайлы аудандық филиалы құрылысына архив, музей, кітапхана ғимаратының құрылысын салу үшін жер беріліп, ЖСҚ жасақталуда.

Түпқараған аудандық филиалы құрылысын салуға ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың 21.02.2024 жылы №01-0062/24 оң қорытындысын алды.

Мәдени көпшілік шаралар

Маңғыстау облысының мәдениет, өнер, тіл және архив жүйесіндегі 134 мемлекеттік ұйымда барлығы 7033 мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды.

Облыстағы кітапханаларда 4014 шара, облыстағы мәдениет үйлері мен концерттік ұйымдарда 2450 шара, театрларда 450 қойылым, облыстағы музейлер мен архивтерде 119 шара ұйымдастырылып шаралардың барлығына 1 729 167 көрермен қамтыды. Облыстағы музейлерде 3970 экскурсия өткізіліп, келушілер саны 99 932 қамтыды.

Оның ішінде 6 халықаралық, 6 республикалық, 1 аймақтық басқа да көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жыл ішінде театрлар және концерттік ұйымдар Қытай, Австрия, Латвия, Иран, Әзербайжан, Түркия, Иран, Түркменстан, Ресей елдері мен Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Павлодар қалаларына және облыс көлемінде барлығы 66 гастрольдік сапарға шықты. Оның ішінде филармония 36, жантөрин театры 17, қуыршақ театры 13 рет. Мәдениет мекемелерімен 100-ден астам қайырымдылық шаралар ұйымдастырылды.

2024 жылы мерейтойлары атап өтілетін тұлғалар қатарында қазақ халқының біртуар азаматтары, өз саласының шыңына шыққан ерен жүйріктер көп болды:

2024 жылы Қазақтың тұңғыш геологы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125 жылдығы; Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығы; Ғалым, зерттеуші, Маңғыстау мұраларын түгендеуші Қабиболла Сыдиықұлының 90 жылдығы секілді мерейтойлар атап өтілді.

Маңғыстаудың біртуар перзенті, даңқты жазушы Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығы ерекше аталып өтілді. Халықаралық деңгейде тойланған жазушының мерейтойына әрісі ТҮРКСОЙ, берісі республикалық масштабтағы мекемелер мен ұйымдардан мәртебелі меймандар келіп, Маңғыстаудың қонақжай төрін толтырды.

Мерейтой аясында ұйымдастырылған «Әбіш Әлемі» III Халықаралық театр фестивалі мен «Әбіш оқулары-2024» халықаралық ғылыми-практикалық конференция республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының да, Маңғыстау меймандарының да, өңір халқының да ерекше ықыласына ие болып, биік бағасын алды.

Маңғыстаудың музыкалық мұраларын, әсіресе жыраулар шығармашылығын зерттеген айтулы ғалым, терең әдебиет зерттеушісі Қабиболла Сыдиықұлы атамыздың мерейтойына арналған шаралар өтті. Шараға Бүкіл Батыс аймақтың кітапханашылары жиналды.

Мифолог, ғалым Серікбол Қондыбайдың еңбектерін зерттеу мен насихаттау ісіне арналған шаралар, Маңғыстаудың даңғайыр ақын-жырауларының мол мұрасын республикалық, халықаралық көлемде насихаттау секілді елдік жиындар ұйымдастырылды.

Маңғыстаудың қайталанбас мол қолөнер мұрасы, киім стилі және бейнелеу саласындағы заманауи жетістіктері Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жәрмеңкелерде көрермендерге ұсынылды.

Сондай- ақ, облысымызда Даңғыл жырау, «Қырымның қырық батыры» дастандар сериясын біздің заманға жеткізген алтын көпір Мұрын Сеңгірбекұлының 165 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Мұхиттан қалмыш теңіз жыр» республикалық жыршылар конкурсы, Жеті Қайқы әндерін орындаушылардың V Республикалық «Қайқылардан қалған саз» Маңғыстаудың дәстүрлі әндерін орындаушылар конкурсы, Мұрат Өскінбайұлы атындағы ІІІ халықаралық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы, Жыршы Жеткішген Сейітов атындағы республикалық жыршылар конкурсы, Күйші Сержан Шәкраттың шығармашылығына арналған республикалық күйшілер конкурсы, Алмас Бекбосынов атындағы Халықаралық би фестивалі, «Маңғыстау – Машайықтың басқан жері» айтыс ақындары мен дәстүрлі өнер өкілдері арасындағы республикалық командалық айтыстың бірінші айналымы Атырау, Маңғыстау облысы командалары арасында ұйымдастырылып, Маңғыстау мәдениетінің мерейін өсірді.

Маңғыстау өнерпаздары Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Этно ауыл жобасы аясында түрлі шаралар ұйымдастырып, көрермен көзайымына айналды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға