Жаңалықтар

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі тағайындалды

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі тағайындалды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 31.03.2025 22:36 483

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, Саян Жақсыгелдіұлы өз қызметі шеңберінде еліміздегі футбол және футбол инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. Бурабайда өткен IV Құрылтайда Мемлекет басшысы дәл осы бағыттарға ерекше назар аударған еді.

Саян Хамитжанов – футбол саласында тәжірибесі мол маман. Ол Қазақстан футбол федерациясында және «Астана» футбол клубында басшылық қызмет атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға