Туристерді тасыған кеме суға батып кетті

Фото: tourprom.ru
Фото: tourprom.ru
07.01.2024 14:49
2249
Мысырдағы курортта туристерді дайвингпен айналысуға қолайлы аймаққа апара жатқан кеме суға кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Катердің бортында 16 турист және капитан болған. Кеме суға кете бастағанда дабыл сигналы берілген.
Жақын маңда жүрген қайықтар оқиға орнына жетіп, адамдарды судан шығарып алған. Кемеде болған адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, - делінген Mogaz Masr басылымының ақпаратында.
Оқиғаға қатысты құзырлы органдар тергеу бастады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды