Турист тым көп. Бали аралы саяхатшылар санын шектейді
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
06.05.2023 04:16
1153
Бали губернаторы Ваян Костер шетелдік туристерге квота жүйесін енгізу жоспарын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі detik басылымына сілтеме жасап.
Біз енді бұқаралық туризмді құптамаймыз. Біз квота жүйесін енгізу арқылы туристердің санын шектегіміз келеді, – дейді губернатор.
Квота жүйесіне сәйкес, туристер болжамды сапардан бір жыл бұрын Балиге бару үшін кезекке тұруы керек екенін түсіндірді.
Егер квота болса, онда адамдар кезекте тұруы керек. Келесі жылы келгісі келетіндер дәл қазір тіркелуі керек, – деді Ваян Костер.
Бали губернаторы Индонезияның СІМ мен Әділет министрлігіне туристік мәртебені теріс пайдаланып, рұқсатсыз ақша табу жолдарын көздейдін адамдардың бар екенін атап өткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді мал етін мобильді қосымша арқылы сатып алуға болады
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты