Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады. Түрікменстан басшысын Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Қазақстан мен Түрікменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп жатыр. Мәселен, 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өсіп, тек соңғы жылдың өзінде 28 пайызға артты. Биыл 6 айда тауар айналымы $237,2 миллионға жетті.
Бүгінде ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары – газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын "Қазақстан шекарасы – Гарабогаз – Түрікменбашы" жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ұзындығы 165 шақырым "Жаңаөзен – Түрікменстан шекарасы" учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталып жатыр
