Жаңалықтар

Түрік компаниялары Қазақстанда көшбасшы инвесторлар қатарына қосылды

Түрік компаниялары Қазақстанда көшбасшы инвесторлар қатарына қосылды
Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі 15.07.2024 19:42 2024

Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева 35 ірі түрік холдингтарымен Қазақстан экономикасының басым секторларына инвестициялар салу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында келіссөздер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Н.Нұрбаева екіжақты кездесулер барысында түрік инвесторларымен елімізде іске асырылып және пысықталып жатқан жобалардың ағымдағы күйін және проблемалық мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың негізгі локомативі – инвестициялық ынтымақтастық. Қазіргі таңда инвестиция тарту мәселесі ҚР Үкіметі үшін ең маңызды мақсаттардың бірі. Біз түрік серіктестерімізбен инвестициялық ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға және жаңа нарықтарды бірлесіп игеруге мүдделіміз. Түрік инвестицияларының ерекшелігі экономикамызды диверсификациялауға бағытталған өңдеу өнеркәсібіне бағытталғандығын мақтанышпен айта аламын, - деп мәлімдеді Н.Нұрбаева.

Бауырлас түрік инвесторлары еліміздің инвестициялық әлеуеті мен ҚР Үкіметі тарапынан қабылданған нақты шараларды жоғары бағалап, автомобиль өнеркәсібіндегі компоненттер, машина жасау, құрылыс материалдары, металлургия, химия, агрохимия, агроөнеркәсіп кешені және жеңіл өнеркәсіп салаларына инвестиция салуға ниет білдірді.

Атап айтсақ, «Iskefe Holding» компаниясы Алматы қаласында Орталық Азиядағы тұңғыш халал желатин өндірісіне, «Alarko Holding» Шымкент қаласында 120 га жылыжай құрылысына, «Koyuncu Group» Жамбыл облысында импортты алмастыратын натрий пиросульфиті өндірісіне, «LC Wakiki» Алматы облысында шетелдегі тұңғыш тарату логистикалық орталығы құрылысына, «Gurmak Demiryolu» Алматы облысында темір жол рельстерін бекіту жүйелері өндірісіне, «Esan» (Eczacibasi Holding) Ақтөбе облысында жер қойнауын геологиялық барлауға, ал «Betek Boya» компаниясы лак-бояу материалдары өндірісіне инвестициялар салуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға