Жаңалықтар

Тұрғын үйге кезекте тұрған алматылықтарға пәтер кілті табысталды

Тұрғын үйге кезекте тұрған алматылықтарға пәтер кілті табысталды
Фото: Алматы әкімдігі 30.05.2024 10:18 619

Алматыда кезекте тұрған тағы 164 отбасы пәтер кілтін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлының сөзінше, жалдамалы пәтерлер қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінген. Үй кезегінде тұрған 164 адам халықтың әлеуметтік осал тобына жатады.

Бұл жетім балалар, I және II топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер, толық емес отбасылар. Олар ай сайын пәтердің жалдау ақысын төлейді. Бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны шамамен 10 мың теңге, екі бөлмелі пәтерге шамамен 15 000 теңге. Коммуналдық қызметке ай сайын ақы төлеу қажет. Бағдарламаның шарты бойынша азаматтарға пәтерді жалға беруге немесе қайта жоспарлауға тыйым салынады, -деді ол.

Он жылдан астам уақыт бойы тұрғын үйге кезегінде тұрған Әлия Бежанова да баспаналы болды. Ол екі баласымен бірге талай жыл кезекке тұрған.

Біз қазір қала сыртында 120 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамыз. Бізге қоңырау шалып, пәтер туралы айтқан кезде сенбедік. Басында алаяқтар деп ойладық. Көптен күткен пәтеріміз үшін Алматы қаласының әкімдігіне рахмет айтамыз. Әлі күнге дейін қуаныштан жылап жүрмін, - деді Әлия Бежанова.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға