Жаңалықтар

Тұрғын үй нарығындағы тоқырау: кейбір құрылыс компаниялары жабылуы мүмкін

Тұрғын үй нарығындағы тоқырау: кейбір құрылыс компаниялары жабылуы мүмкін
Фото: elements.envato.com 18.04.2023 17:36 1094

Қазақстанда жыл сайын тұрғын үй сатып алуға деген қызығушылық үшінші ай қатарынан төмендеп келеді. Бұл туралы LS-ге слтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов басылымға берген сұхбатында тоқыраудың жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер ететіндігін айтқан.

Наурыз айында үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,2% төмендеді, ақпан айында бұл көрсеткіш 48,2%, қаңтарда 27,7% құрады. Осылайша теріс динамиканың өсуі байқалады.

Бұл ретте бір айда қайталама тұрғын үйдің бағасы бір шаршы метр үшін 0,7% – 513,5 мың теңгеге дейін төмендеді, ал жаңа тұрғын үйге бір шаршы метр үшін 1,2% – 489,2 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Осыған байланысты Мүсірепов тоқырау қолжетімді ипотекалық бағдарламалардың азаюымен байланысты екенін айтты.

Бүгінгі таңда бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға несие беруде үлкен проблема бар. Банктердегі берілетін ипотеканың жоғары пайыздық мөлшерлемелері қолжетімді емес. Әрбір қазақстандық нарықта ұсынылған шарттарға қол жеткізе алмайды. Нәтижесінде құрылыс салушыларда сатылым тоқтап тұр, - деп түсіндірді ол.

Мүсірепов Қазақстанда «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы шектеліп, бағаның өсуіне түрткі болғанын айтты. Нәтижесінде тұрғын үй сатып алғысы келетіндер түнде банктерден кезек алуда, бірақ сұраныс әлі де қанағаттандырылмай тұр.

Ол тұрғын үй нарығындағы тоқырау қазақстандықтарға қолжетімді ипотекалық өнім пайда болғанға дейін жалғасады деп болжады. Соның нәтижесінде кейбір құрылыс компаниялары жабылуы мүмкін, әсіресе нүктелі құрылыспен айналысатындар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға