Жаңалықтар

Тұрақтылық – ел дамуының басты кепілі

Тұрақтылық – ел дамуының басты кепілі
Фото: © El.kz 17.07.2023 13:18 995

Жаһандану үрдісі жиілеп, ақпарат дамыған сайын әлемдік геосаясаттың ықпалы посткеңестік елдерге әсер етуде. Соның бір дәлелі ұлттар арасында жеккөрушілік, басымдылық танытуға тырысу сынды «фобиялар» пайда болуда. Демек жаңа ұғымдар, жаңа терминдер қолданысқа енгізіле бастады. Жалпы  фобия – қорқыныш деген мағынаны береді. Адам фобияны басқара алмайды, дер кезінде тоқтата алмайды.

Бір заттан қауіптенген адамның бойын үрей билеп, үнемі қауіптеніп жүреді. Ғалымдардың айтуынша фобияның 400 ден астам түрі бар. Оның бастылары генетикалық, биологиялық, писхологиялық факторлары жеткілікті.  Соның бірі қазіргі қоғамда қалыптасып келе жатқан  «Русофобия», «Казахофобия» тағы басқа фобиялық ұғымдар. 

Біріншіден, жалпы қандай да бір фобиялық мәселенің өзі сол елдің әлеуметтік-экономикалық, әскери әлеуетінің күшейе бастауынан болады. Мысалға Ресей-Украин арасындағы соғысқа дейін әлем елдерінің көзінше Ресей әскери  қару-жарақ саласынан бірінші орында деп келді.

Оның үстіне атом бомбаларды өндіретін держава ретінде саналды. Сондықтан да батыс елдерінде Ресейді қандай да бір жолмен тұқыртып отыру саясаты ерте кезден белең алған.

Қазіргі таңда тіптен күшейе түсті. Ресей агрессор мемлекет ретінде көрсетіліп, еуропаның көптеген елдері, Балтық жағалуындағы елдер орыстар үшін шекараларын жауып, туристерге қызмет көрсетудан бас тартып жатқаны ақиқат. Тіпті өзара жанжалдасып қалу фактілері кездеседі.

Мұның барлығы әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретіні сөзсіз. Біздің елімізде ешқандай русофобия белгілері жоқ. Алайда, әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлеткеттік тілде қызмет көрсетуді талап ететін азаматтар бар. Бұл заңды құбылыс. Ата заңымызда көрсетілгенде «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл».

Қазақ жерінде туып, өсіп, білім алып, өзімізбен қатар жүрген өзге ұлттардың 32 жылда бірауыз қазақ тілін білмеуі, қазақ халқына және оның тұтастығы мен еркіндігіне мойынсынбау деп есептейді.

Мұндай үрдіс іргелес қырғыз, өзбек, түркімен, грузин, армян, балтық жағалауы елдерінде белең алды. Бірақ мұны русофобиялық көзқарас деп санауға болмайды. Қазақтың тілін білетін қаншама өзге елдің азаматтарын көтермелеп, арқасынан қағып «өзіміздің Вася» деп бауырына тартып жүргендер де баршылық.

Қай елде өмір сүрсең, сол елдің салты мен мәдениетін құрметтеуге міндеттісің. Керісінше қазіргі таңда Ресей және Монғолия елдерінде «Казахофобия» күшейіп келеді. Өткен аптада Ресейдің екі бірдей генералдары әлеуметтік желі арқылы Қазақстанда орыс ұлтына қысым көрсетіліп жатыр деген мәлімдемелер жасады.

Әрине, Қазақстан аумағында туып, өскен орыс және өзге ұлт өкілдері дереу жоққа шығарды.  Қазақстанда Орта Азиядағы елдермен салыстырғанда ең көп орыс тілді 1,5 мыңнан астам мектептер бар. Орыс тілін меңгеруге барлық жағдай жасалған.

Сервистік қызмет көрсету саласы мен әкімшілік қарым-қатынастардың көбі орыс тілінде қызмет көрсетеді десек, артық айтқандық емес. Бұл ақталу емес. Алайда, Қазақстан жайлы жалған мәлімет таратып, екі елдің арасына шоқ салғысы келетін «провокаторлар» баршылық.

Мұның басты себебі, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы, саяси тұрақтылығы мен халықаралық беделі себеп болып отыр. Үш миллионға жетер-жетпес халқы бар Монғолияда да казахфобия өршіп келеді. Монғол ұлтшылдары елдеріндегі саны жөнінен екінші ұлт болып саналатын, артында Қазақстандай алып мемлекеті бар қазақтардың басып алуы мүмкін деп қауіптенеді. Әрине, бұл негізсіз әңгіме. Монғолияда біраз уақыт генетика, тарих саласын зерттеген ғалым Жақсылық Сәбитов те Монғолияда казахофобияның бар екендігін ашық сұқбаттарда айтып жүр.

Дегенмен Қазақстан бейбітшілікті қалайтын, іргелі ел болғандықтан бірең-сараң елдердің жымысқы әрекеттеріне ешқандай әрекет көрсетіп, жауап беріп жатқан жоқ.

Себебі екі ел арасында достық қарым-қатынасты нығайту, әлеуметтік-экономикалық саладағы баланысты нығайту жөніндегі келім-шарттарға сай тұрақты жұмыс жасап келеді.

Арамызды жеті мың шақырым бөліп тұрған көрішмен тату өмір сүру Қазақстанның болашағы үшін де қажет. Ресей немесе Қытай елінде болып жатқан саяси мәселелер олардың ішкі шаруасы болғандықтан халықаралық нормалаға сәйкес Қазақстан оның істеріне араласа алмайды. Тіптен  қазақ болса да олар сол мемлекеттің азаматы.

Сонымен қатар Қазақстан әлемде ядролық қарудан бас тартқан, әлемдік әскери шиеленістерге аралспайтын, БҰҰ бекітілген Жарғыны қатаң сақтайтын, саяси тұрақты, экономикалық даму жағы басым, демократиялық жолмен дамуды таңдаған бейтарап мемлекет ретінде көрсетілген. Қазақстан Респбликасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен бірнеше ірі форумдарда Қазақстанның ұстанымын шегелеп тұрып айтқан еді.

Екі алып көршінің әлеуметтік-экономикалық, саяси саладағы тұрақтылығы Қазақстанның да экономикасына зор әсер ететінін білген жөн. Экспорттық өнімдердің тауар айналымы Ресеймен 16 млрд долларға жетіп, 2021 жылмен салыстырған 4,2% өсіп отыр. Ал Қытаймен ортақ тауар айналым 24 млрдқа жетіп, 30 % көрсеткішке ие болды.

Бұл 30 жылда болмаған ірі тауар айналым болып отыр. Қазірдің өзінде еліміз 135 тауар түрінен 1 миллиард доллардың түрлі заттарын экспортқа жолдауға әзір. Демек, көршілес екі елге өз тауарларымызды сату арқылы ел бюджетінің толығуына әкеліп, әлеуметтік көптеген мәселені шешіп алуға мүмкіндік туары сөзсіз.

Әлемнің әрбір мемлекеті өзінің стратегиялық әріптестерін іздейді. Оның өңіне, түсіне, тіліне, дініне қарамайды. Сауда-саттық қарым-қатынасы адамзат пайда болғалы дамып келе жатқан саяси қарым-қатынастың бірден-бір құралы.

Ендеше елімізге пайдалы көршілерімізбен қырық пышақ болыспай, өз еліміздің мүддесін ойлай отырып, Қазақстанның әрбір азаматы стратегиялық тұрғыда ойланып қадам жасағаны жөн. Нәтижесінде мемлекет дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарып, еліміздің халықаралық беделі өседі. Бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Әрине, Қазақстанның дамуын көре алмай, елмен елдің арасында іріткі салуды көздеген русофобтар мен казахофобтар түбінде жеңіледі. Сындарлы саясат, салмақты саяси көзқарас пен тұрақтылық ел дамуының негізгі кепілі екенің сөзсіз. Көршімізді біз таңдай алмаймыз.

Орыс болсын, кәріс болсын көршіңмен тату болып, қазақи дархандықты танытып, бауырға тарта берсе түптің түбіне көршіңізде сіз арқылы қазақтың ұлы халық екенін мойындайтыны сөзсіз.

Қазақстан дамыған сайын түрлі көзқарастар пайда болуы заңдылық.

Оған мән беретін, саяси ноталар жолдап, ел мүддесін қорғайтын құзырлы органдар бар. Ал біздің мақсатымыз араңдатушылыққа берілмей, ел ертеңін ойлай отырып, ақырын жүріп, анық басуымыз керек. Сонды ғана Қазақ елі дамып, саяси тұрақтылық пен бейбітшілікте өмір сүретіні сөзсіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға