Еркін күрестен Қазақстан командасы Тунистегі рейтингтік турнирде өз өнерін аяқтады. Спортшыларымыздың қоржынында жеті медаль бар, деп хабарлайды EL.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Алтыннан алқа тағынғандар есебінде Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) және Әбдіманап Байгенжеев (92 келіге дейін).
Екінші орында Талғат Сырбаз (70 келіге дейін), Болат Сақаев (79 келіге дейін) және Мамед Ибрагимов (97 келіге дейін).
Адлан Асқаров (65 келіге дейін) және Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) турнирді үшінші орында аяқтады.
Командалық есепте Қазақстан үшінші орында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға