Жаңалықтар

«Тұмар» - 2024 ұлттық телевизиялық байқауына өтінім қабылдау басталды

«Тұмар» - 2024 ұлттық телевизиялық байқауына өтінім қабылдау басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 14.05.2024 18:00 500

Қазіргі уақытта отандық БАҚ еліміздегі су тасқынына қарсы іс-шараларды және басқа да жаһандық оқиғаларды халыққа таратып, ерен еңбек етуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистердің қарқынды жұмысын ескере отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі 2024 жылдың 14 мамырынан бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар» - 2024 ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялады.

Өтінімдер 10 маусымға дейін қабылданады. Байқауға 2023 жылдың 1 қаңтары мен 2024 жылдың 13 мамыры аралығында қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

Айта кетейік, «Тұмар» ұлттық байқауы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Байқаудың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.

«Тұмар» ұлттық бәйгесі тарихында 1 800 астам өтінім келіп түсті, 303 журналист пен шығармашылық топ номинанттар тізіміне енді. Бүгінгі күні 84 эксклюзивті мүсінше өз жеңімпазын тапты. Бәйге жеңімпаздары жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға