«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл «Тұмар» Ұлттық бәйгесіне - 7 жыл. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Сыйлыққа қатысу үшін 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Шорт-листке 48 жұмыс енді. Жеңімпаздар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы анықталды.
Үздік деректі фильм
«Абайдың соңғы күндері» – «Хабар» телғарнасы
Үздік әлеуметтік жоба
«Жанашыр» – «Жетісу» телеарнасы
Үздік аналитикалық бағдарлама
«Apta» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Үздік ток-шоу
«1001 түн» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы
Үздік аймақтық телеарна
«Caspian News» – Атырау қ.
Үздік тележурналист
Әйгерім Мұздыбаева – «Евразия»
Бірінші арнасы
Үздік журналистік зерттеу
«Арнайы репортаж» – «Хабар 24» телеарнасы
Үздік анимациялық фильм
«Дәрігер Дана» – «Rio Production»
Үздік спорт комментаторы
Есей Жеңісұлы – «Qazsport» телеарнасы
Арнайы жүлде «31 арна» телеарнасына отандық телевизиялық саланың дамуына қосқан үлесі үшін табысталды.
Үздік тележүргізуші
Светлана Булатова – «КТК» телеарнасы
Еркін Байғабылұлы – «Хабар 24» телеарнасы
Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік анимациялық фильм» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынады.
Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды.