Жаңалықтар

Тұман, жаңбыр, үсік: 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тұман, жаңбыр, үсік: 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: © El.kz 15.09.2023 08:19 714

Қазгидромет мәліметінше, 15 қыркүйекте еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Атырауда найзағай ойнайды деп күтіледі, ал түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Алматы облысының солтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Алматыда, сондай-ақ Қонаевта да аракідік найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында да найзағай ойнайды деп күтіледі

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың орталығында, батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында күн райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп күтіледі. Қостанайда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың орталығында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1 градус суықты көрсетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында, таулы бөктерінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары. Таразда да өрт қаупі жоғары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға