Жаңалықтар

Тұман, өрт қаупі және жаңбыр: елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Тұман, өрт қаупі және жаңбыр: елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ©El.kz 26.09.2023 07:31 767

Қазгидромет 16 қыркүйекте еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 

Түнде және таңертең  Қарағанды облысының орталығында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. 

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде өрт қаупі жоғары. Шымкентте өрт қаупі жоғары. Түркістанда күндіз шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында таңертең және түстен кейін облыс орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Батыс, солтүстік-батыстан облыстың шығысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 2 градусқа дейін төмендеп, күн суытады деп болжанады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда да найзағай ойнайды деп болжанады. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға