Тұман, найзағай, шаңды дауыл: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай к Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүтігінде, шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
