Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» мамандары 6 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада кей уақыттарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Орал қ.: көктайғақ күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды қ..: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Күндіз облыстың шығысында көктайғақ күтіледі
Қостанай облысында бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман.
Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу-бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу-бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарда тұман күтіледі.