Тұман, көктайғақ: 30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» мамандары 30 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана
Астана қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысы
Күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Ұлытау облысы
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының шығысында, солүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
Қызылорда қ.: 30 желтоқсанда кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.
Ақмола облысы
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Көкшетау қ.: тұман күтіледі.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 30 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
Атырау облысы
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Атырау қ.: 30 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түркістан облысы
Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
Шымкент қ.: күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан қ.: оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.
Орал қ.: көктайғақ, тұман күтіледі.
Қостанай облысы
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтау қ.: 30 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі.
Петропавл қ.: тұман күтіледі.
Абай облысы
Абай облысының оңтүстік-батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысы
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.