Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ: 29 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тұман, көктайғақ: 29 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz 29.10.2024 04:24 426

«Қазгиромет» РМК синоптиктері 29 қазанда еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың тау асуларында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте, сондай-ақ Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.  

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Қостанайда да түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан соғатын солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда да, Астанада да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең 25 м/с дейін жетеді. Семейде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертеңгі екпіні 23 м/с дейін жетеді. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Жезқазғанда көктайғақ болады деп болжанады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.  Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда көктайғақ болады деп күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.  

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға