Тұман, көктайғақ: 11 ақпанда ауа райы қандай болады
![Тұман, көктайғақ: 11 ақпанда ауа райы қандай болады Тұман, көктайғақ: 11 ақпанда ауа райы қандай болады](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141920/1200xauto_0NbuRWkyQ0l6xRGPpcPVYRwxTQjx6ZN9j4WVAuwl.jpg)
«Қазгидромет» РМК 11 ақпанда Астана, Алматыда, Шымкентте және Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Қарағандыда да түнде және таңертең тұман болады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде Түркістан облысының тауларында қалың қар жауады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 11-13 ақпанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта 11-13 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Алматыда түнде және таңертең 12-13 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болып, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жолдарда көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда күндіз көктайғақ болады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданында 25 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Қостанайда да тұман болады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түндегі екпіні 25 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)