Жаңалықтар

Тұман, екпінді жел: 26 наурызға арналған ауа райы болжамы

Тұман, екпінді жел: 26 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.03.2025 04:33 797

«Қазгидромет» мамандары 26 наурызда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 26 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Алматы облысы

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Қонаев қ.: 26 наурызда солтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с.

Павлодар облысы

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысы

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 26 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысы

Түркістан облысының тауларында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 26 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 26 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысы

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 25 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 26 наурызда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 26 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға