Жаңалықтар

Туған сіңлісін жезөкше болуға мәжбүрлеген әйел ұсталды

Туған сіңлісін жезөкше болуға мәжбүрлеген әйел ұсталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 18.09.2023 17:50 888
Атырау қаласында 25 жастағы туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу материалына сәйкес, 2021 жылдың мамыр айында күдікті өз сіңлісін Ташкент қаласынан Шымкент қаласына, одан кейін Атырау қаласына алып келген. Азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс істейсің деген. Бірақ келгеннен кейін құжаттарын алып қойып, күш көрсеткен, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
 
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 308-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
 
Бұл қылмыс үшін 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 
Ал Ақтөбеде 17 жастағы колледждің 2-курс студентін алдау және шантаж арқылы жарты жыл бойы жезөкшелікпен айналысуға тартқан қала тұрғыны ұсталды. Ол Қылмыстық кодекстің 134-бабы (кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша жауапқа тартылып отыр.
 
Бұдан бөлек, Жамбыл облысында жол бойындағы дәмхананың әкімшісі ұсталды. Ол жүк көліктерінің жүргізушілеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға