Жаңалықтар

"Түбі қазақ емес" - Танымал тарихшы ұлтымыздың белгілі тұлғаларының басқа ұлттан тарағанын атады

"Түбі қазақ емес" - Танымал тарихшы ұлтымыздың белгілі тұлғаларының басқа ұлттан тарағанын атады
Фото: Әлеуметтік желіден 01.05.2023 15:35 17041

Белгілі тарихшы Радик Темірғалиев өзінің телеграм-арнасына арнасында түп атасы басқа ұлттан тарайтын қазақ батырлары мен қайраткерлері туралы жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлт тарихындағы орны ерекше тұлғалардың шыққан тегін талдаған тарихшы батыр бабалардың арғы атасының қазаққа қатысы жоғын жазған. 

1. Қабанбай батыр (Найман руының шежіресі бойынша "сарта" Тоқтарқожаның ұрпағы). XVIII ғасырдағы белгілі қазақ қолбасшысы.

2. Жаңазар батыр (жоңғар тектес). XVIII ғасырдағы белгілі қазақ әскери қолбасшысы, Орта жүздегі төленгүт тайпасының негізін қалаушылардың бірі.

3. Махамбет Өтемісұлы (парсының немересі). Қазақ дәстүрлі поэзиясының классигі, Исатай Тайманұлының серігі. Арғы атасы Құлмәлінің парсы жұртынан екені тарихта жиі айтылады. 

4. Қожа Қаржаубайұлы (қырғыз тектес). Белгілі қазақ ақыны.

5. Ибрагим Жайықпаев (башқұрт тектес). Ақмола округінің аға сұлтаны.

6. Ақмолла (Муфтахетдин Камаледдинұлы), башқұрт пен татар әйелінің ұлы. Белгілі қазақ ақыны.

7. Халел Ғаббасов (татар тектес). Алаш-Орда Халық кеңесінің мүшесі. Әлихан Бөкейхановтың серігі.

8. Ғұмар Қарашев (ноғай тектес). Жазушы, ақын, публицист. Алаш қозғалысының қатысушысы.

9. Мұхтар Әуезов (Араб тектес). Қазақ әдебиетінің классигі.

10. Ғабит Мүсірепов (түрікмен тектес). Қазақ әдебиетінің классигі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға