ЦСКА Бахтиер Зайнутдиновті қаншаға сататынын мәлімдеді
![ЦСКА Бахтиер Зайнутдиновті қаншаға сататынын мәлімдеді ЦСКА Бахтиер Зайнутдиновті қаншаға сататынын мәлімдеді](/storage/storage/element/2023/07/05/mainphoto/58273/1200xauto_Fd9NBJ0zgiQtLB3yqEmDU33G6zdj8acoKZj7n6se.png)
Фото: instagram.com/pfc_cska
Фото: instagram.com/pfc_cska
05.07.2023 18:06
896
ЦСКА Бахтиер Зайнутдиновті 5 млн еуроға бағалап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Түркияның «Бешикташ» клубы қазақстандық футболшыға қызығушылық танытып отырғаны жарияланған. Енді Мәскеу клубы Зайнутдиновті 5 млн еуроға сатуға дайын.
Fotomaç мәліметінше, Түркияның 16 дүркін чемпионының қазақстандық үш футболшыға көзі түскен: жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Мәскеу), Арман Кеңесов («Ақтөбе») пен Эльхан Астанов («Астана»).
Түркия басылымы бұл тізімде Зайнутдинов көш бастап тұрғанын жазды. Өйткені Түркияда алдағы маусымда қазақстандықтар легионер саналмайды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Астананың құрметті азаматтарының есімдері белгілі болды
Келесі жаңалық
Жетісу облысында жел ұшырып әкеткен туристер құтқарылды