Жаңалықтар

Цифрлық даму министрлігі eGov және мемлекеттік сайттардағы ақауды түсіндірді

Цифрлық даму министрлігі eGov және мемлекеттік сайттардағы ақауды түсіндірді
Фото: коллаж El.kz 30.01.2025 16:49 172

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек кейінгі кездері мемлекеттік сайттардың, соның ішінде eGov жұмысындағы ақауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақаулар байланыс операторлары желілерінде болып отырған жоқ. Шындығында, біздің талдауымызға қарағанда, Ресейде де, бізде де ақаулар болды. Meta компаниясының қызметтеріне қатысты. Бұл қызметтердің тізімін білесіздер. Біздің азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты айтар болсақ, ақау ұлттық оператордың инфрақұрылымынан шықты, - деп түсіндірді Оразбек Сенатта өткен брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, еш жерде мінсіз инфрақұрылым жоқ.

Мeta - бұл әлемдегі ең ірі контент провайдерлерінің бірі және оның инфрақұрылымында ақау шығып жатыр. Бізде де бар, бірақ өте сирек. Қазіргі уақытта кейінгі ірі ақау 2023 жылы және қазір болды. Бұл ақауларды мүмкіндігінше реттеп жатырмыз және біз жай ғана жойып қана қоймай, себебін анықтап, бұл аумақтағы ақаулардың қайталанбауын қадағалаймыз, - деді Асхат Оразбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға