Жаңалықтар

Цифрлық активтермен тыйым салынған қызметті жүзеге асыру фактісі анықталды

Цифрлық активтермен тыйым салынған қызметті жүзеге асыру фактісі анықталды
Фото: atomic-energy.ru 15.02.2023 10:42 1032

Қостанай облысында «KZobmen.com», «KZobmen Ltd» крипто айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың тағы бір фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясының азаматы 2020 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың қаңтары аралығында заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде аса ірі көлемде 180 миллион теңгеден астам сома табыс тапқаны анықталды.

Сот үкімдері бойынша күдіктінің 85 миллион теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлкі, оның ішінде «Binance» крипто биржасының платформасында орналастырылған 2 420 АҚШ доллары көлемінде цифрлық активтері (криптовалюта) тәркіленді.

Құқық бұзушы бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталды.

Құқық бұзушы бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталды, іс аясында криптовалюта айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, басқа да мәліметтер ашып көрсетуге жатпайды.

ҚМА көлеңкелі экономикамен күрес жұмысын жалғастыратын болады. Өткен жылдың өзінде ғана Агенттік қабылдаған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейін 19,7%-ға дейін төмендетуге оң әсер етті, бұл ретте болжамдық мән 21,5%-ды құрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға