Жаңалықтар

Цифрлық дәуірде үкімет қалай өзгермек?

2050 жылға 60 жастан асқан адамдардың саны екі есе өседі
14.10.2016 10:54 3906

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі  «цифрлық экономика заманында үкіметтің өзгеруі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметттік даму министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы  министрлігі, сонымен бірге ҚР Инвестиция және даму министрліктері бар бірқатар қазақстандық мемлекеттік ведомстволарының өкілдері қатысты. Цифрлық дәуірде үкімет қалай өзгермек?

Қатысушылар алдында  үкіметті цифрландыру  саласы бойынша Германия, Австралия, Үндістаннан шақырылған сарапшылар сөз сөйлеп, өз елдерін цифрлық өзгерту тәжірибесімен бөлісті. Қазіргі уақытта ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігімен басты мақсаты – халықтың өмір сапасын және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін цифрлық экожүйені дамыту арқылы арттыру болып табылады. Ол үшін  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуінің сервистік үлгісіне өтіп, үкіметінің тағы да бір маңызды мақсаты – «азаматтар үшін мемлекет» жоспарын жүзеге асыру. Бағдарламаның бірінші бесжылдығының басталуы 2017 жылдың аяғына жоспарлануда.

 Цифрлық дәуірде үкімет қалай өзгермек?

Әсел Жиенбаева, «Зерде»Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы:

— Ақпараттық –экономикалық жаһандану заманында электронды үкіметтің дамуына, ал ескі жүйенің күйреуіне алып келді. Ақпараттық төңкеріс кез-келген мемлекеттің ұстанған принциптеріне қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Сондықтан, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан құрылған ұйымдар халық игілігі үшін жұмыс атқаруда. Ақпарат және коммуникация министрлігі мен Зерде холдингі бірлесіп «Цифрлық Қазақстан 2020» бағдарламасын іске қоспақпыз. Бұл бағдарлама халықтың өмір сүру деңгейін көтеріп, экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп күтілуде. Жоба аясында бес министрлікте біздің кеңсеміз ашылды. Елдің экономика мен мемлекеттік басқарудың цифрлық өзгеруі аясындағы алға жылжу әлемдік деңгейде байқалып отыр. Биыл Қазақстан экономикасы барынша инновациялы 50 елдің қатарына кірді. Ал жаһандық индексте еліміз Орталық және Оңтүстік Азия аймақтық тобында екінші орында тұр.  Холдингтің ішкі жобаларды жүзеге асыру үшін жаһандық сараптамаларды тарту жөніндегі шаралары өз жемісін әкелуде, және біз белгіленген мерзімдерімізде үкімет қойған мақсаттарға жетеміз деп есептейміз.

 Цифрлық дәуірде үкімет қалай өзгермек?

«Зерде» ұлттық  инфокоммуникация  холдингі» АҚ жобаны іске асыру шеңберінде бірқатар маңызды қадамдар жасады. Олардың ішінде – воркшоп сериялары және үкіметтік деңгейде сараптама топтарының отырыстары өткізілді. Сонымен қатар цифрлық үкімет үлгісін белсенді дамытып жатқан елдерде – Сингапур мен Италиядадағы халықаралық форумдарға қатысты. Жалпы алғанда, елдегі мемлекеттік секторды цифрлық өзгерту барынша қарқынмен келеді. Қазақстанда Республиканың экономикалық белсенді халқының  50%  жуығы пайдаланатын ( шамамен 5 млн адам) міне 10 жыл бойы элекрондық үкімет порталы (eGov) жұмыс істеуде.

 Цифрлық дәуірде үкімет қалай өзгермек?

«Цифрлық экономика дәуіріндегі үкіметтің өзгеруі» дөңгелек үстелі мемлекеттік бағдарламаны одан әрі дамытуға көмектесетін жаһанды сараптама мен әлемдік практиктерді біріктіруге шақырылған келесі бастама болды.

Дөңгелек үстелді алғашқылардың бірі болып «Цифрлық экономика дәуіріндегі үкіметтің өзгеруі» баяндамасымен McKinsey&Company өкілі сөз сөйлеп, E-Government тұжырымдамасы және заманауи әлемде оның өзектілігі туралы айтты. Тұсаукесерде соңғы 2,5 жылдағы цифрлық мемлекетттердің 200 аса көшбасшыларының  сауалнама нәтижелері айтылып, цифрлық өзгерту саласындағы өздерінің сараптамасымен бөлісті. Жалпы, мемлекеттерді өздерінің тиімділігін арттыру бойынша бүкіл әлем бойынша жұмыс істеуге мәжбүрлейтін  мәселелер арасында халықтың қартаюын ерекше айтып кетуге болады. 2050 жылға 60 жастан асқан адамдардың саны екі есе өседі, өнімділік төмендейді деп күтілуде. Бұл деректер өткізілген Accenture зерттеулерімен расталуда. 

Цифрлық дәуірде үкімет қалай өзгермек?

Австралия мемлекеттік университетінің профессоры Ширли Грегор, цифрлық басқарудың белсенді тұжырымдамаларымен және мысалдарымен бөлісті. Мысалы, Австрия астанасы Венада қалалық бюджетті ақылмен жоспарлау муниципалитетке жылына 2 миллион евродан аса үнемдеуге мүмкіндік береді. Бостонда (АҚШ) коммуналды қызметтерді бақылау бойынша мобильді бағдарлама коммуналдық мәселелер бойынша жүгінулер санын 66%-ға төмендетуге ықпал етті.

Әділет және Еуропамен қатынас жөніндегі бұрынғы мемлекеттік хатшы, доктор Вилфред Бернхардт, жалпы үкіметтік үрдістерді оңтайландыру арқылы үкімет өзгеруінің тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, SAP өкілі Наталья Панина электронды үкімет элементтерінің бірі – зейнетке шығу сервисін виртуаландырудың техникалық жүзеге асырылуы туралы айтты.

Дөңгелек үстел барысында Улрике Кляйфилд басшылығымен сарапшылар, SAP мемлекеттік секторындағы инновациялар департаментінің басшылары, Қазақстанға ұсынылатын цифрлық модельге көшу мен оның жолындағы кедергілерді,  өзгерту жобаларын енгізу тәсілдерін, сонымен қатар бүгінгі таңда дамыған мемлекеттермен кеңінен қолданылатын Біріккен қызмет көрсету орталығының (Shared services) бизнес маңыздылығын талқыға салды. 

Цифрлық дәуірде үкімет қалай өзгермек?

Наталья Панина, Орта және Шығыс Еуропа мемлекеттік секторы SAP бойынша бас менеджер:

— SAP жаһандық сараптамасы түрлі әлем елдерінде – Даниядағы, Австралиядағы жобалар «азаматтарға арналған корпорация» тұжырымдамасын дамытудың негізіне айналып отыр. Біздің мемлекеттік басқарудың жаңа моделін жасау саласындағы «Зердемен» серіктестігіміз және үздік әлемдік тәжірибелерге икемденуіміз Қазақстанның әлемдік цифрлық үздіктер қатарына қосылуына және өз тәжірибесі арқылы инновациялар тиімділігін көрсетуіне ықпал ететін болады.

Іс-шара SAP Institute for Digital Government (SIDG) корпоративтік бағдарламалардың әлемдік нарығындағы үздіктердің бірі SAP компаниясының қолдауымен өтті. SIDG – SAP австралиялық сараптама базасында құрылған және сервистік мемлекеттің инновациялық модельдерін құру үшін үздік әлемдік сарапшыларды біріктіретін цифрлық трансформация саласындағы үкіметаралық коммуникацияларды қамтамасыз ету жөніндегі коммерциялық емес ұйым.


Рүстем ӘЛПИ 

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға