Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды азайту қажет – Бектенов

Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment
26.02.2025 10:26
154
ҚР Үкіметінің отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің қызметіндегі орынсыз шығындарды азайту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол шығындарды оңтайландыру цифрлық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін баса айтты. Бұл тәсіл министрлік жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Мен сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толығымен қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды қысқарту қажет. Нәтижесінде, жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға қатысты, – деді премьер-министр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Наурыз айындағы мерекелер қарсаңында қосымша пойыздар шығарылады
Келесі жаңалық
Жас боксшыларымыз Румынияда 21 медаль еншіледі