Целиноградта жеке үйдегі өрт кезінде 5 газ баллоны шығарылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
15.09.2024 23:05
649
Целиноград ауданының Талапкер ауылында жеке тұрғын үйдің бірінде өрт шықты. Қызыл жалын аумағы - 100 шаршы метр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық ТЖД мәліметінше, құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт кезінде 5 газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды.
Өрт толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында республикалық волонтерлер форумы аяқталды