Жаңалықтар

«Трюк жасамақ болған». Алматыда жас жігіт көлік астында қалып, қаза тапты

«Трюк жасамақ болған». Алматыда жас жігіт көлік астында қалып, қаза тапты
Фото: pixabay.com 31.10.2024 09:45 1047

Алматыда танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін алып, одан секіріп өтпек болған 22 жастағы жігіт мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол TikTok-тағы байқауға қатысу үшін видео түсірмек болыпты. Түсірілім Алматы облысы Іле ауданындағы "Сокол" автодромында өткен. Трюкті орындау кезінде Батырхан ауыр жарақат алып, кейіннен ауруханада жан тапсырған.

Бұл ақпаратты Алматы облысы ПД баспасөз қызметі растап, қайғылы оқиға 29 қазанда Ақсай ауылындағы "Сокол" автодромының аумағында болғанын жеткізді.

Оқиға орнында түсірілім жүргізілген. Трюкті орындау кезінде 22 жастағы жігіт көлік доңғалағы астына түсіп, ауыр жарақаттар алды. Салдарынан жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, келесі күні - 30 қазанда есін жимастан көз жұмды. Lamborghini тізгінінде 45 жастағы ер адам болған. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, - деді полициядан.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға