Триатлон паркінде астаналықтар үшін апта сайын жаттығулар өткізіледі
Апта сайын елордалық Триатлон саябағында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімделген дене шынықтыру бойынша сауықтыру жаттығулары өтеді. Сабақтар Триатлон саябағындағы “Арқар" көпірінің астында тегін өткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның мақсаты - қарым-қатынас пен дене шынықтыруды дамыту үшін қолайлы қоғамдастық құруға бағытталған.
Сабақтар буындарды қозғалтып, аздап денені қыздырудан және созылудан басталады. Қатысушылар спорттық жабдықтарды, гимнастикалық жабдықты қолдана отырып, арнайы жаттығулар жасайды.
Біз қоғамға пайдамызды тигізу үшін тегін жаттығулар ұйымдастырамыз. Бүгінгі сабақтар Олимпиада ойындарының ашылуына орайластырылған, сондықтан қатысушыларға сәттілік тілеймін. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарды ғана емес, барлық ниет білдірушілерді де спортпен шұғылдануға шақырғым келеді, - деді жоба авторы Нариман Секен.
Спорт сабақтарын дене шынықтыру мұғалімі және стритлифтинг бойынша жаттықтырушы Уайыс Сүйеубаев өткізеді.
4 жыл бойы біз бұқаралық спортты дамытуға үлес қосып келеміз. Қазір қаланың әр көшесінде спортпен шұғылдануға қолайлы жағдайлар жасалған. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін біз ашық алаңда арнайы тегін сабақтар өткіземіз. Жаттығу кезінде гантельдермен, доппен, гимнастикалық таяқшамен және басқа да жабдықтармен бұлшықеттерді дамытуға бағытталған жаттығулар жасаймыз, - деп бөлісті Ө.Сүйеубаев.
Естеріңізге сала кетейік, іс-шараға елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Жаттығу апта сайын жұма күндері сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін Триатлон саябағында ("Арқар" көпірінің астында) өтеді. Инклюзивті сабақтар жазғы маусымның соңына дейін жалғасады.