Жаңалықтар

Тректегі велоспорттан ӘЧ: отандық спортшылардың нәтижесі

Тректегі велоспорттан ӘЧ: отандық спортшылардың нәтижесі
Фото: ҚР ҰОК 18.10.2024 14:03 96

Баллерупте (Дания) тректегі велоспорттан әлем чемпионаты әлі өтіп жатыр. Жарыстың екінші күні Қазақстан командасының өкілдері екі пән бойынша сайысқа түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, Кейрин бойынша Кирилл Курдиди бақ сынады. Нәтижесінде ол 23-орыннан көрінді. 

Илья Карабутов скрэтч бойынша жүлделі орындарға таласты. Спортшы финишке 19-шы болып жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға