Тректегі велоспорт: қазақстандық спортшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
25.02.2025 13:21
673
Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы гит сайысында қола медаль жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 0,666 секундта жүріп өтті. Жарыста жапондық Рюто Итида жеңіске жетсе, күміс жүлдені қытайлық Ци Лю иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында командалық жарыста үшінші орын алған еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде алкоголь нарығының қауіпсіздігі күшейтіледі
Келесі жаңалық
Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады