Тректегі велоспорт: Қазақстан Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
22.02.2025 19:15
651
Тректегі велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы Малайзияның Нилай қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Дмитрий Носков және Әлішер Жұмақан командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз 03:59.215 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті.
Алтын медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды, ал Жапония күміс жүлдегер атанды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Танымал әнші кино түсіремін деп 160 мың долларынан айырылған
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды